Тозуға жоғары төзімділік
Ендірмелердің тістің табиғи эмалінің тозуға төзімділігіне өте жақын беріктігі бар. Егер композитті материалдың көмегімен тістің шайнау бетін қалпына келтіретін болса, онда уақыт өте келе композиттің төмпек жерлері тозып, тіс шайнау процесіне тиімді қатыспайтын болады. Егер тіс эмальдің беріктігіндей тозуға төзімділік көрсеткіші бар композитті немесе керамикалық ендірмелердің көмегімен қалпына келтірілген болса жағдай басқаша. Бұл шайнайтын тістің жоғары деңгейде тозуынан тістеудің өзгеріске ұшырамауына ықпал етеді.
Жоғары беріктілік
Ендірмелердің тікелей ауыз қуысында тістерді қалпына келтіру үшін қолданылатын композиттерге қарағанда беріктігі анағұрлым жоғары болады. Тіс қалпына келтірілетін материал неғұрлым берік болса, ол барынша тиімді қызмет ететінін айту қажет пе?
Қайтадан тісжегінің түсу қаупін төмендету
Ауыз қуысында қалпына келтіру кезінде дайындалатын композит полимерлеу кезінде шөгу процесінен өтеді. Бұл микроскопиялық шеткі саңылаудың пайда болуына алып келеді. Қалпына келтірілетін жер неғұрлым көп болса, шеткі саңылау соғұрлым үлкен болады және уақыт өте келе ол тесікте қалдықтардың жиналуы үшін қолайлы орта пайда болатындықтан тісжегі қайта түсуі мүмкін. Тіс технигі дайындаған ендірмелер зертханада шөгу сатысынан өтіп, ауыз қуысына сұйық композитпен бекітіледі, оның қабаты өте жұқа болғандықтан, оның шөгуін мүлдем елемеуге болады. Сәйкесінше, тісжегінің қайта пайда болу қаупі де өте төмен.
Тіс пішінін мұқият дайындау
Ауыз қуысында тісті қалпына келтіру кезінде дәрігерге уақыт пен кеңістік жетіспейді, себебі пациенттің аузын ұзақ уақыт ашып отыруы өте қиын. Зертханадағы тіс технигінде мұндай проблемалар жоқ және тиісінше ендірмені жасауға көп уақыт бөле алады.
Тістің сапасын мұқият қарастыру
Ауыз қуысында тісті қалпына келтіру кезінде дәрігердің кейбір тістердің беткі қабатын тегістеуге мүмкіндігі болмайды. Зертханадағы техник болса, барлық беткі қабаттарды еркін қарап, оларды тегістеп қана қоймай, сонымен бірге арнайы қабатпен – барлық беткі қабатта мінсіз тегіс бетті жасайтын глазурьмен қаптайды. Жақсы тегістелген беткі қабатқа тамақ қалдықтары нашар тұрады.
Пациенттің уақытын үнемдеу
Тіс ендірмелерін дайындауға байланысты негізгі жұмыс көлемі зертханада орындалады және пациентке клиникада көп уақыт болуы қажет емес, бұл емдеу мерзімін тездетеді және пациенттің уақытын үнемдейді. Дәрігер мен көмекшісінен тұратын команда ауызға пломба дайындағанша пациент креслода отырмайды. Дәрігер ауыз қуысын тазартып, тістердің қалпын алады және уақытша пломбалар салып, келесі қабылдауға дейін пациентпен қоштасады, осы уақытта ол ендірмелерді цементтейді. Осылайша, пломба салуға қарағанда екі рет келіп анағұрлым көп түстерді емдетіп алуға болады. Бірақ мұның барлығы қымбаттау болып келеді. Дегенмен қымбат деген – салыстырмалы түсінік. Егер үнемделген уақыт ішінде пациент әлдеқайда көп ақша табатын болса, онда ойлануға тұрарлық. Ауыз қуысында тісті тікелей қалпына келтіруге жұмсалатын уақыт шамамен екі сағат. Бірнеше тістерді қалпына келтіру кезінде айтарлықтай уақытты үнемдеуге болатынымен келісуіміз керек.
Тістің мінсіз түсі мен мөлдірлігі
Тіс ендірмелерін дайындау кезінде техник тістің табиғи түсі мен мөлдір бөлігін қайталай отырып, ендірмені мінсіз етіп бояуға мүмкіндігі бар. Бұл қалпына келтірілген тістерді мінсіз етеді.