Жоғары немесе төменгі жақ сүйекте барлық тістер болмаған жағдайда, сіз тістерді қалпына келтірудің екі тәсілінің біреуін таңдай аласыз: толық алынбайтын көпір тәрізді протез CAD/CAM жүйесінде орындалған металл-қыш және цирконий қостотығынан дайындалады немесе арқалық жүйе металдан дайындалады және біздің CAD/CAM жүйесі цирконий қостотығынан арқалықты, имплантатқа бекітілетін алынбалы протезді жасауға мүмкіндік береді.Толық алынбайтын көпір тәрізді протез 6 және одан да көп имплантатқа бекітіліп орнатылады.
Имплантаттарға бекітілетін алынбалы протез екі немесе одан да көп имплантаттарға бекіткіштердің көмегімен жалғанады және қажет болған жағдайда оңай алынады. Протез ауыз қуысында бекітілген кезде, ол имплантаттарға тығыз жанасады және оның сырғып кету қаупі жоқ. Тіс (тістер) жоқ жердегі сүйектің желінуін имплантаттарды оранту есебінен тоқтатуға болады, себебі функционалдық жүктеме болмаса, сүйек тез жансызданады.
Шартты түрде алынбалы протез 4 және одан да көп имплантатқа орнатылады, ол жылына бір рет гигиеналық тазалау жүргізу үшін клиника жағдайында ғана алынады. Біздің клиникада осы құрылымды Zirkonzahn фирмасының CAD/CAM 5М жүйесінде цирконий қостотығынан жасау мүмкіндігі бар.